Ауданда маусым айынан бастап қазақ тілін үйренемін деушілерге тегін курс ұйымдастырылады. Мемлекеттік тілді меңгергісі келген әрбір азамат өтінім бере алады.

Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің мәліметінше, курсқа 18 жастан 60 жасқа дейінгі азаматтар қатыса алады.

— Оқу онлайн және оффлайн форматта өткізіледі. Онлайн форматында ZOOM және WhatsApp платформалары пайдаланылады. Мамандар қатысушылардың тілдік дағдыларын жан-жақты дамытуға күш салады. Курс үш айға жоспарланған. Былтыр да осындай курс ұйымдастырылды. 40 адам онлайн, 20 азамат оффлайн түрде оқыды, — дейді бөлімнің бас маманы Диас Науқан.

 

Г.ТҮГЕЛБАЙ.