Қайта қалпына келтірілді

Мам 15, 2025

Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай Харьков ауылында аталмыш елді мекеннен қан майданға аттанған жауынгерлердің есімдері жазылған обелиск қайта жаңартылды. Жуырда ескерткіштің салтанатты ашылуы өтті.

Ескерткіштің салтанатты ашылуына қатысқан аудан әкімі Қаршыға Арынов ескерткішті қалпына келтіру – өз Отаны үшін жанын қиған батырларды жадымызда сақтаудың маңызды қадамы екендігін атап өтті.

Ақтоғай ауылдық округінің әкімі Қуаныш Пістебаевтың сөзінше, аталмыш жұмыстарға облыстық бонустан 14 млн 600 мың теңге бөлінген. Осы қаржыға саябаққа тас төселіп, жарықтандыру орнатылды. Сонымен қатар, обелисктегі Харьков ауылынан қан майданға аттанып қаза тапқан барлық батырдың есімдері сақтала отырып, заманауи үлгіде жаңартылды. Жұмыстарды «Ремонтник» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі бір айдың көлемінде жүргізді.

А.БОРАНБАЕВА.