Ауа райының күрт өзгеріп, өңірімізде қардың көп түсуіне байланысты аудан-қалалардағы коммуналдық қызметтер күшейтілген жұмыс режиміне көшті. Ақсу қаласындағы сала жұмысшылары да еңбекке білек сыбана кірісті.
Өткен демалыс күндері аймағымызда қар әдеттегіден ерте көп мөлшерде түсті. Соған қарамастан, Ақсу қаласының коммуналдық қызметі мұндай «тосын сыйға» әзір екенін көрсетті. Алғашқы күннен-ақ қала тазалығына жауапты техникалар жолға шығып, мамандар жұмысын бастады.
Жергілікті әкімдіктің мәліметінше, 17 арнайы техника мен шамамен 100 коммуналдық сала қызметкері қала көшелерін тазалауға шықты. Сондай-ақ, қосымша 3 трактор тартылып, маршруттарда 2 кезекші патрульдік көлік пен біріктірілген жол тазалау машинасы жұмыс істеді.
Бұл ретте бірінші кезекте қала көшелерін, аялдама павильондарын, тротуарлар мен жаяу жүргін-шілер өткелдерін тазалауға, көлік пен тұрғындардың қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз етуге назар аударылды.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.
Ақсу қаласы.