Жамбыл ауылдық мәдениет үйінде соғыс ардагері Сембай Қалиевтің құрметіне кабинет ашылды. Жеңіс күнінде ұйым-дастырылған шараға жергілікті билік өкілдері, ауыл тұрғындары, майдангердің туғандары, жастар қатысты.
Батыр есімін арқалаған кабинетте Сембай Қалиевтің жеке заттары және мұрағаттық деректер, суреттері де орналастырылған. Сонымен қатар, батыр туралы жарық көрген еңбектер де орын тепкен.
Ауқымды шарада аудан әкімі Руслан Мұқанов Сембай Қалиевтің Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігіне тоқталып, жиналған қауымға майдангердің батылдығын үлгі етті. Кабинеттің ашылу салтанатына қатысқан майдангердің ұлы Ертіс Қалиев әкесінің өмірбаянына тоқталып, жастарды батылдыққа шақырды. Шарада мәдениет үйінің өнерпаздары ән мен күйден шашу шашты.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.