Шарбақтылық аңшылықтанушы мамандар жануарларға қамқорлық көрсетіп, қорғаудың маңызы зор екенін айтады. Қазіргі таңда «Ертіс орманы» резерватының аумағында жабайы жануарларды сақтап қалу және санын көбейтуге бағытталған биотехникалық іс-шаралар күн сайын өтуде.

Аңшылықтанушылардың айтуынша, әсіресе жаздың аптап ыстығында орман жануарларын сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлу керек. Әйтпегенде, құрғақ климатта ұзақ уақыт су ішпей шөлдеп жүру жануарлардың тіршілігіне қауіп төндіруі ықтимал көрінеді. Осыған орай мамандар негізгі биотехнологиялық шаралардың бірі — жасанды суару құрылғыларын орманға орнатып, оны үнемі тазалап отырғандарын айтады. Сонымен қатар, басқа да қамқорлық шараларын үздіксіз көрсетуде. Мұндай күтімнің арқасында резерват аумағын мекен өткен төртаяқты тұрғындардың саны жыл сайын көбеюде.

Зоология саласының өкілдері де жабайы жануарлардың жағдайын әрдайым бақылауда ұстау керек екенін алға тартады.

 

Н.АҚЫТЕГІ.