Қарияға — қамқорлық

Жел 11, 2025

Аудан еріктілері зейнеткерлер, жалғызбасты адамдарға көмек қолын созудан жалыққан емес.

Жуырда Байзақов ауылдық округінің еріктілері жалғыз тұратын Лидия Тимохинаның үйіне барып, көмек көрсетті. Қайырымды жастар қарияға молынан отын жарып, үй ауласын тазалады, күл-қоқыстан тазартты. Мұндай игі бастама ауылдағы қарттарға қолдау көрсету мақсатында ұйымдастырылады.

— Үйіме келген еріктілердің ішінде мектеп оқушылары бар. Еңбекке қабілетті ұлдар отын жарса, қыздар қора ішіне тасып тұрды. Ауламды да бірлесіп ретке келтірді. Осындай еңбекқор, жанашыр жастарды көргенде қалай қуанбайсың? Көңілімді бір көтеріп тастады. Балаларға қамқорлықты үйрете білген ата-аналарға ерекше алғыс айтамын, — дейді Л.Тимохина.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.