Қар тазалау — қарқынды

Қаң 22, 2026

Ауданда қар тазалау жұмыстары тоқтаған емес. Жауапты мердігер жүктелген міндетті кестеге сәйкес орындауда.

Аудандық маңыздағы жолдар мен елді мекендерге кіреберіс жолдардың жалпы ұзындығы 264 шақырымнан асады. Бұл ретте аудандық маңыздағы жолдарды қыс мезгілінде күтіп-ұстау міндеті «Нұрал» ЖШС-іне жүктелген. Серіктестіктегі жалпы саны 19 бірлік техника жол бойындағы қарды тазалап, жолаушылардың аудан-қала аралығына кедергісіз қатынауына жағдай жасауда. Бұдан бөлек, «Нұрал» ЖШС көмек қажет болғанда облыстық маңыздағы жолды тазалауға екі техникасын әзірлеген.

Ал ауылдық округтерде қысқы кезеңде жолдарды күтіп ұстау жұмыстарына ауыл шаруашылығы құрылымдарының 20-дан астам техникасы тартылған.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Ертіс ауданы.