Шарбақты ауданындағы орман алқаптарында қар тоқтату жұмыстары қызу жүргізілуде. Орманшылардың айтуынша, бұл жағдай көктемде топырақ ылғалдылығын жоғарылатып, орман екпелерінің сақталуына септігін тигізетін көрінеді.
Ә.Бөкейхан атындағы қазақ орман шаруашылығы және агроорманмели-орация ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары орман екпелерінің жерсін-беуінің басты себептерінің бірі топырақтағы ылғал қорының жеткіліксіздігі екенін зерттеген. Осы мәселені шешудің тиімді жолдарының бірі – қар тоқтату шараларын жүргізу, дейді мамандар. Яғни, қыс мезгілінде қар жамылғысын белгілі бір аумақта жинақтап, көктемде еріген судың топыраққа сіңуін қамтамасыз ету арқылы ылғал қорын арттыруға болады екен. Бұл әдіс топырақтың ылғалдылығын сақтауға, өсімдіктердің тез тамырлануына және екпелердің өміршеңдігін арттыруға оң әсер етеді. Осы мақсатта бүгінде Шалдай филиалының Сейтен орманшылығы аумағындағы 15 гектар алаңда қар тоқтату жұмыстары жүргізілді. Бұл бағыт-тағы шаралар ары қарай жалғасын таба бермек.
«Ертіс орманы» резерваты қызмет-керлерінің айтуынша, қар жамылғысының биікті 15-25 сантиметр аралы-ғында. Оны жинау үшін арнайы техни-калар жұмылдырылған.
Н.АҚЫТЕГІ.
Шарбақты ауданы.
