Аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері ауылдық округтерді аралап, тұрғындар арасында жылу беру маусымы кезеңінде өрт қауіпсіздігін сақтау талаптарын түсіндіруде.
Елді мекендерде өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында 15 қыркүйекке дейін түсіндіру жұмыстары жүргізілетін болады. Мамандар ауыл тұрғындарымен арнайы жиын өткізіп, көпбалалы, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасылардың үйін аралап, пеш жағу ережелерін түсіндіруде. Тілсіз жаудың алдын алу мақсатында ережелер жазылған жадынамалар да таратылуда.
— Жақында жылу бері маусымы басталады. Сондықтан тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі айлығы бастау алды. Мамандар әр ауылға барып, тұрғындармен кездесу өткізуде. Оларға пешті жағу кезінде отты дұрыс пайдалану ережелері түсіндірілуде, — дейді аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің аға инженері Медияр Әдепов.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.