Қыс мезгілінде өрт оқиғалары жиі орын алатыны белгілі. Елімізде қауіптің алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда. Соның дәлеліндей, Баянауыл ауданында өрт қауіпсіздігі айлығы ұйымдастырылуда.

Аталмыш шараның өтуіне облыстық төтенше жағдай департаменті, аудандық төтенше жағдай басқармасы және №20 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері мұрындық болды. Айлық аясында аудан орталығында және елді мекендерде профилактикалық іс-шаралар жүргізілуде. Мамандар аудан тұрғындарына өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша кеңес беріп, тілсіз жаудың алдын алуға бағытталған жадынамалар таратуда. Сондай-ақ, төтенше жағдай саласының өкілдері Сабындыкөл көлінің аумағында да рейд жүргізіп, азаматтарға су айдындарында қауіпсіздік шараларын сақтау ережелерін түсіндірді.

Н.АҚЫТЕГІ.