Өкінішке қарай, бүгінгі таңда есірткі мен басқа да тыйым салынған заттардың жасырын жарнамалары жиі кездеседі. Яғни, қандай да бір сілтемеге өту, QR-кодты сканерлеу, Телеграм желісіндегі топтарға қосылу арқылы заңсыз тауарларды саудалап жүргендер бар. Жуырда екібастұздық жастар осындай жазулардың барлығын жойды.
Екібастұз қаласында құқық бұзушылықтардың алдын алу және қауіпсіз ортаны қалыптастыру мақсатында «Қауіпсіз шағын аудан» пилоттық жобасы жүзеге асырылуда. Бұл жоба «Заң мен тәртіп» идеологиясы және республикалық «Айқын нәтиже» жобасы аясында қолға алынды.
Оның басым бағыттарының бірі – есірткі құралдары мен психотроптық заттардың заңсыз таралуына, соның ішінде интернет-ресурстар мен мессенджерлер арқылы таралуына қарсы іс-қимыл. Осы бағытта Жастар бастамаларын дамыту орталығының еріктілері мен полиция өкілдері бірлесіп, тұрғын үйлердің кіреберістеріндегі есірткіге қатысты жазуларды өшірді. Акция аясында тыйым салынған ресурстардың визу-алды жарнамасы жойылды. Бұл өз кезегінде кәмелетке толмаған оқушылар мен жастарды қауіптен қорғайды.
Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.
Екібастұз қаласы.
