Жуырда «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының аясында Барлыбай ауылында су құбыры тартылды. Бұған дейін жеке аулалардағы құдық суын пайдалануға мәжбүр болған елді мекеннің тұрғындары енді сапалы таза суды пайдалана алады.

Ауыл тұрғындарын қуанышты оқиғамен аудан әкімі Қаршыға Арынов құттықтады. Өзінің құттықтау сөзінде ол бүгінде елді мекендер үшін ауызсу мәселесінің өзекті екендігін атап өтіп, ауданда ауыл тұрғындарын сапалы ауызсумен қамтамасыз етуде табанды істер атқарылып жатқанын алға тартты.

Айта кетейік, су құбырының құрылысы екі жылға созылды. Құрылысқа жауапты «Ар-ай НС» мердігер компаниясы жобаны белгіленген мерзімде бастап аяқтады. Ақтоғай ауданының экономиканың нақты сектор бөлімінің басшысы Самат Секеновтің айтуынша, бүгінде 92 аула желіге қосылған.

 

А.БОРАНБАЕВА.