Жақында Баянауыл ауданында екі күндік тазалық акциясы өтті.
Оған облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы, аудан әкімдігі және Баянауыл мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің өкілдері, сондай-ақ, облыс студенттері белсене қатысты. Іс-шара барысында қатысушылар Баянауылдың қасиетті және көрікті жерлерін күл-қоқыстан арылтты. Атап айтқанда, Жасыбай батыр кесенесі, Торай-
ғыр көлі, Қоңыр әулие үңгірі, Кемпіртас жар-
тасы сынды киелі жерлерді тазартты.
Акция соңында Баянауыл ұлттық табиғи паркінің атынан студент жастар алғыс хаттармен марапатталып, естелік сыйлықтарға ие болды. Қатысушылар мұндай игі бастамаларға әрдайым қолдау көрсететіндіктерін айтып, қоршаған ортаны қорғау-ортақ міндеттері екенін жеткізді.
Н.АҚЫТЕГІ.