Ауданда қоғамдық көмекшілер көшелерді қоқыстан тазартып, қар тазалау жұмыстарына белсене араласуда. Жуырда қызметкерлер елді мекендерде жол белгілерін орнатуда қолғабыс етті.
Аудандық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің мәліметінше, қоғамдық көмекшілер жалғызбасты және мүмкіндігі шектеулі жандарға да көмектеседі. Бөлімдегі әлеуметтік қызметкерлер көмек сұраған адамдардың тізімін ауыл әкімдігіне жібереді. Ондағы мамандар қоғамдық жұмысқа жауапты адамдарды апта сайын өтініш түскен үйге жіберіп тұрады. Қоғамдық көмекшілер жұма сайын кем дегенде 7 отбасыға көмек көрсетеді. Сонымен қатар, мамандар аялдама, мұз айдындарында да қар тазалау жұмыстарына белсене қатысады.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.