Ауданда «Таза Қазақстан» республикалық тазалық шарасы аясында «Таза жұма» акциясы өтті. Оған мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ауыл тұрғындары белсенді қатысты.

«Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары да көмек көрсетті. Олар мешіт аумағын қоқыстан тазартып, орталық алаңдағы шөптерді жұлды. Сонымен қатар, Ертіс өзені аумағындағы қоқысты жинап, «Жастар аллеясын» ретке келтіріп, сырлау жұмыстарын жүргізді. Аудандық ішкі саясат және тілдерді дамыту бөлімінің бас маманы Айнара Айдарханның айтуынша, сәуір айында басталған тазалық акциясы шеңберінде жалпы саны 259 шара өткізілген. Бұл бағыттағы жұмыстар әлі жалғасады.

— Тұрғындардың «Таза Қазақстан» акциясына белсенді қатысып жатқаны қуантады. Жастар да қолғабыс етуде. Ауданымыз қоқыстан тазарып, адам көп жиналатын демалыс орындары жаңаша кейіпке енді. Бұл шара балаларды да еңбекке баулуда, — дейді А.Айдархан.

 

А.АСҚАРҚЫЗЫ.