Қысқа әзірлік мығым

Қар 27, 2025

Ауданда «Қыс-2025» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайлар қызметінің қысқы кезеңге дайындығы пысықталды.

Аудан әкімі Руслан Мұқановтың басшылығымен өткен маңызды шара аясында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы жеке құрамның, техниканың әзірлігін баяндады. Оқу-жаттығу кезінде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі, электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандар өз жұмыстарын көрсетті. Оқу-жаттығу барысында қыс мезгілінде боран, көктайғақ, аяз салдарынан туындайтын төтенше жағдайлардың алдын алу мәселелері пысықталды.  Қысқы мезгіліне  Аққулы ауданында
24 жылыту пункті дайындалды. Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою мақсатында 104 адамнан тұратын күштік құрылым мен 30-дан астам арнайы техника жасақталды. Оның ішінде қар тазалайтын, инженерлік, эвакуациялық техникалар бар. Сонымен қатар, Аққулы ауданының төтенше жағдайлар бөлімшесінде кез келген жолға шыдамды — «Трекол» көлігі де әзір. Мамандар қыс мезгіліне дайындық мығым екенін жеткізді.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы