Ауданда «Қыс-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайлар қызметінің қысқы кезеңге дайындығы пысықталды.
Аудан әкімінің орынбасары Т.Дұғаловтың басшылығымен өткен маңызды шара аясында төтенше жағдайлар бөлімінің басшысы К.Күпеев жеке құрамның, техниканың әзірлігін баяндады. Оқу-жаттығу кезінде өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері, алғашқы медициналық көмек көрсету қызметі, электр қуатының тұрақтылығын қамтамасыз ететін мамандар өз жұмыстарын көрсетті. Шараға жалпы саны 18 техника және 50-ге жуық адам қатысты. Мамандар қыс мезгілінде аудан аумағындағы төтенше жағдайлардың алдын алуға, жоюға әзір екендерін жеткізді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.