Қыс — қыр астында

Қыр 18, 2025

Аудан әкімі Руслан Мұқанов  ауылдарды аралап,  әлеуметтік нысандардың жылыту маусымына дайындық барысын бақылады.

Жуырда аудан басшысы жұмыс сапарымен Жамбыл, Әйтей, Шабар, Шәмші және Қарақала ауылдарында болып, әлеуметтік нысандарды аралады. Қазандықтардың жай-күйімен танысып, жылыту жүйелерінің қауіпсіздігін бақылады.

— Аудандағы әлеуметтік нысандардың қыс мезгіліне дайындық барысын қадағаладым. Күн тәртібіндегі мәселе тұрақты бақылауымда болады. Жылыту маусымына дайындық барысын жетілдіру бойынша сала мамандарына тапсырма берілді, — дейді Руслан Берекеліұлы.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.