Құрмет көрсетілді

Қаз 16, 2025

Успен ауданында мүгедектігі бар адамдар күніне орай жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің өкілдері мен мемлекеттік мекемелердің басшылары аудандық тұрғындармен кездесу өткізді.

Аталмыш жиын барысында әлеуметтік қолдау, инфрақұрылым нысандарының қолжетімділігі, медициналық қызмет көрсету және жұмысқа орналастыру мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, ерекше қажеттілігі бар адамдардың  толыққанды өмір сүруіне байланысты қолайлы жағдай жасау да басты назарға алынды.

Мемлекеттік мекеменің өкілдері қатысушыларға ауылдың қоғамдық өміріне белсене араласып, қайсарлығы мен батылдығына ризашылығын білдірді.

Шара барысында арнайы шақырылған қонақтардың құрметіне өңірлік өнерпаздар концерттік бағдарламарын қойып, ұйымдастырушылар мерекелік мол дастархан жайды.

Салтанат ҒАББАС.
Успен ауданы.