Шұға ауылында су құбырының құрылысы бойынша жұмыстар аяқталуға жақын. Қазіргі уақытта абаттандыру және электр монтаждау жұмыстары жүргізілуде.
Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов Шұға ауылындағы су құбыры мен медициналық пункттің құрылыс барысымен және Жолболды елді мекеніндегі көшені асфальттау жұмыстарымен танысты.
Құрылыстың соңғы сатысында тұрған медициналық пунктте ішкі әрлеу жұмыстары, аумақты абаттандыру және қажетті медициналық жабдықтар жеткізу жұмыстары қалды. Су құбырындағы жұмыстар осы жылдың 1 желтоқсанына дейін, ал медициналық пункттегі жұмыстар 15 қарашаға дейін аяқталады деп күтілуде.
Одан бөлек, Жолболды ауылында ұзындығы 2 шақырым болатын орталық көшені асфальттау жұмыстары жалғасуда. Сапар барысында ескертулер анықталып, мердігер ұйымға оларды жою бойынша тиісті жұмыстар берілді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.