Биыл Ақсу қаласында көптен күткен мұз сарайының құрылысы жүргізіліп жатыр. Жергілікті жеткіншектерді шынықтыруға арналған кешен көп ұзамай қолданысқа тапсырылуы тиіс.

Ақсу қаласының әкімі Нұрлан Дүйсенбинов шаһардағы құрылыс алаңдарына барып, жұмыс барысын бақылап қайтты. Қала әкімі ат басын бұрған нысандардың бірі – мұз сарайының құрылысы. Қазіргі уақытта мұнда жылыту және желдету жүйесін монтаждау, әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Шаһар басшысы жұмыстарды уақытылы әрі сапалы атқаруды тапсырды.

Сонымен қатар, Абай атындағы орта мектепте спорт алаңын орнату бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарды қарап шықты. Бүгін алаңдардың негізін қиыршық таспен төсеу және бетондау жұмыстары жүріп жатыр.

Жөндеу ісі №16 балабақшада да қызу. Бүгінгі таңда мамандар ғимараттың қасбетін сырлау және әрлеумен айналысуда. Ал негізгі жұмыстардың 90 пайызы аяқталды.

 

Қ.ТІЛЕКТЕСҚЫЗЫ.