Железин ауданының Алакөл ауылдық округі аумағында орналасқан «Пахарь» ШҚ жауапкершілігі — шектеулі серіктестігі жұмысы жолға қойылған, өндірістік тәжірибесі мол шаруашылық. Етті-сүтті ірі қара мал өсірумен қатар, егін салып, көкөніс баптап, жем-шөп дайындаумен айналысатын ірі кәсіпорынды өзге өңірлерге үлгі етуге тұрарлық. Биыл құрылғанына 20 жыл толған серіктестіктің өнімдері нарықта жоғары сұранысқа ие.
— Қазіргі таңда шаруашылыққа тиесілі 9200 гектар суармалы алқап бар. Мұнда жүгері, картоп, сәбіз, жоңышқа егіледі. Картоп өсіру кейінгі жылдары қолға алынғанымен, гектарынан 50 тоннаға дейін өнім жинайды. Мұнда өсірілетін картоптың гала аталатын түріне сұраныс мол, — дейді «Пахарь» ЖШС-нің басқарушысы Рустам Евлоев. Мал шаруашылығы және егіншілікпен қатар айналысатын шаруа қожалығында қажетті жем-шөп қоры дайындалып, ірі қараны құнарлы жемазықпен қамтиды. Қыста көкөніс сақтау да еш қиындық тудырмайды. Себебі сыйымдылығы 12 мың тонналық 2 көкөніс қоймасы жұмыс істеп тұр. Биыл жаздағы аптап ыстыққа қарамастан, суармалы егіншіліктің арқасында, мол өнім алынды. Жиналған картоп он күн кептіріліп, кейін қоймада сақталады. Сұранысқа ие картоп еліміздің өзге өңірлеріне жіберіліп, жақын шетелдерге шығарылады. «Пахар» ЖШС-де егістік алқап-тарын суаруға арналған сорғы станцияларының көмегімен Ертіс өзенінен тартылған суды тиімді пайдалану мақсатында ауқымды жұмыстар атқарылған. Егіс алқабына цемент астаулар мен құбырлар орнату арқылы егінжайды суару процесі барынша жеңілдетілген, — дейді Рустам Евлоев. Ірі шаруа қожалығы Железин ауданының ауыл шаруашылығын дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Мұқтаж жандарға қайырымдылық көмек көрсету де дәстүрге айналған. Жылдан-жылға қарқынды дамып келе жатқан шаруашылықта тұрақты және уақытша жұмыс орындары ашылып, жұмысшыларға отбасымен бірге тұрып, жұмыс істеуге барлық жағдай жасалған. Агроқалашықта жұмыскерлер-
дің бос уақытын тиімді өткізу мүмкіндіктері де қарастырылған. Мұнда мәдени-ойын-сауық кешені, бассейн және спортзал, дәмхана, дүкен, мектепке дейінгі шағын орталық пен фельдшерлік амбулатория жұмыс істейді. Руслан Евлоевтың айтуынша, ауыл шаруашылығында аянбай тер төгіп, кәсіпорынның одан ары көркеюіне үлес қосуға ниетті еңбек-
қор жандарға әрқашан орын табылады.
Т.ӘБІЛДА, Железин ауданы.