Май ауданында Халықаралық әйелдер күніне орай «Тақия fest» фестивалі өтті. Аудандық білім беру бөлімі ұйымдастырған шараға аудан мектептерінің жанынан ашылған «Аққу» қыздар клубының мүшелері қатысты.
Қолөнер шебері, ұстаз Бибігүл Қабдуллинаның сөзінше, фестивальдің мақсаты – «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында ұлттық құндылықтарымызды дәріптеп, бойжеткен қыздарға ұлттық бас киім үлгілерін кию мәдениетін таныс-
тыру, ұлтымыздың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпын олардың бойына сіңіру.
— Қазақ әйелдерінің бас киім-дері өзіндік ерекшеліктерімен өзгешеленеді және жасалуының өзіндік ғұрыптық, салттық негізі бар. Мәселен, қазақ әйелдерінің бас киімдері олардың жасы мен отбасындағы жағдайына байланысты ерекшеленеді. Бойжеткендер мен қыздар зере, тақия, төбетай, қарқара бөріктерінің төбесіне үкі таққан, себебі қазақ наным-сенімінде үкі құсы киелі саналады. Қыздардың тақиясы өңді маталардан қабатталып сырылып тігіледі. Айттырылмаған қыздардың үкісі шекесіне қадалатын болған. Айттырылған қыздарға үкі бас киімнің ортасына қадалған.
Фестиваль аясында оқушылар шеберлерден тақия тігуді үйреніп қана қоймай, қуыршақ тоқу және фелтинг әдісі бойынша киізге өрнек салуды да үйренді.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.