Потанин орта мектебінде ұлы ойшыл, ақын Абай Құнанбаевтың рухани мұрасын дәріптеуге арналған «Абайтану» кабинеті ашылды.
Заманауи безендірілген кабинетте ағартушының өмірі мен шығармашылығына арналған көрме, зерттеу еңбектері мен экспозициялар орналастырылған. Шараға қатысқан 8-11-сынып оқушылары арасында шығармашылық байқау ұйымдастырылды. Балалар жасанды интеллект технологиясын пайдалана отырып Абайдың шығармаларын талдады, ақындық өнерге жақын балалар поэзия оқыды. Сонымен қатар, оқушылар концерттік бағдарлама ұйымдастырып, Абай өлеңдерін мәнерлеп оқып, әндерін де шырқады.
Мектептегі ұстаздар қауымы қатысу-шыларға ризашылығын білдіріп, «Абайтану» кабинеті жас ұрпақтың рухани дамуына зор үлес қосатынына сенім білдірді.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.
Аққулы ауданы.
