«Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады»

Мау 20, 2025

Баянауыл ауданының Торайғыр ауылындағы «Балдәурен» жазғы сауықтыру алаңында орналасқан этноауыл ұлттық ойын кешенінде балаларға арналған «Ұрпақ ұлттық ойынмен шыңдалады» атты шеберлік сыныбы өтті.

Оған өңірдегі жеткіншектер белсенді қатысты.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның басты мақсаты — жас буынның бойына рухани құндылықтарды сіңіріп, ұлттық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру. Осы бағытта көп игі іс жасап, салт-дәстүрлерімізді насихаттап жүрген мәдениет саласының көрнекті өкілі Нұргүл Қасымова шеберлік сағатына жетекшілік етті. Жеткіншектер «Асық ату», «Бес асық», «Садақ ату», «Ләңгі тебу» сынды ойын түрлерімен таныс болып, мән-маңызын түсінді.

Н.АҚЫТЕГІ.