Май ауданында дәстүрге айналған «Жас ұстаз: табысқа апарар жол» атты жас педагогтердің форумы өтті. 2019 жылдан бастап өткізіліп келе жатқан бұл игі шараға аудандағы білім беру ұйымдарында қызмет атқарып жүрген, 3 жылға дейінгі еңбек өтілі бар жас мамандар қатысады.
VII жас мамандар форумын аудан орталығында орналасқан Е.Мұқашев атындағы мектеп ұжымы ұйымдастырды. Мектеп ауласына киіз үй тігіліп, ұлттық көлөнер көрмесі өтті. Форум аясында тәжірибелі және жас мамандар өзара пікір алмасты.
Соңғы жылдары бұл шараға «Қала – ауылға» жобасы аясында дарынды ер балаларға арналған «Білім-Инновация» лицей-интернатының жас мамандары да шақырылып келеді. Кездесу барысында ауыл және қала мектептерінің мұғалімдері өзара тәжірибе алмасып, креативті идеяларымен бөлісті. Сонымен қатар, сорттық ойындарда бақ сынасып, өз өнерлерін де көрсетті.
А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.