Балтасап ауылында операторлардың ұсынымына сәйкес ұялы байланыс мұнарасын ауыл орталығына көшіру жұмыстары жүргізілді. Енді тұрақты мобильді байланыспен қамтамасыз ету үшін қажетті жабдықтарды орнату жоспарланған.
Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Балтасап, Жалаулы, Жолболды және Шілікті ауылдарына барып, инфрақұрылымдық жобалардың жүзеге асырылу барысымен және әлеуметтік нысандардың жағдайымен танысты.
Жалаулы ауылында қосымша су ұңғымасын бұрғылау жұмыстары жалғасуда. Мердігер ұйым барлық жұмысты жақын арада аяқтап, тұрғындарды сумен қамтамасыз етуге уәде беріп отыр. Ал Шілікті елді мекенінде өткен жылы пайдалануға берілген медициналық пунктке қатысты ішкі әрлеу және асфальт төсеу бойынша ескерту болған. Қазіргі уақытта мердігер ұйымдар барлық кемшілікті жою жұмыстарын жүргізуде. Жұмыстар бір аптаның ішінде аяқталады.
А.БОРАНБАЕВА.