Иса Байзақовтың 125 жылдық мерейтойы қарсаңында аудан мектептері арасында «Әдеби кейіпкерлердің шеруі» өтті.
Шараға қатысушылар мен оқушылар сиқырлы, ғажайып әдеби әлемнің куәсі болды. Шерудің ережесі бойынша әр мектеп әдеби шығарманы таңдап, кейіпкерлерді сахналады. Қатысушылар барынша образға кіріп, кейіпкерлердің мінезін ашуға тырысты. Киген киімдері де ерекше болды. Қатысушыларға бағаны көрермендер берді. Ең көп дауыс жинаған №3 Ертіс орта мектебінің оқушылары «Көрермен көзайымына» айналды.
Олар А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романының кейіпкерлерін сахналады. Шоқан Уәлиханов атындағы мектептің оқушылары Иса Байзаковтың «Құралай сұлу» поэмасынан көрініс ұсынып, жүлделі бірінші орынға ие болды. Жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.