Әзірлікті пысықтады

Нау 20, 2025

Успен ауданында су тасқынының алдын алуға бағытталған «Көктем-2025» командалық-штабтық оқу-жаттығулары өтті.

Оқу-жаттығу шеңберінде төтенше жағдайлар департаменті азаматтық қорғау күштері мен құралдарын дайындыққа келтіру бойынша іс-қимылдарды пысықтады. Сондай-ақ, ауданның тіршілігін қамтамасыз ететін коммуналдық кәсіпорындардың күш-құралдары мен техникалардың әзірлігін тексеру мақсатында саптық тұрғызу ұйымдастырылды. Саптық жиын барысында аудан әкімі Нұрболат Мақашев алдымен азаматтық қорғау қызметтерінің басшылары мен ауылдық округ әкімдерінің төтенше жағдайларды жоюға күштері мен құралдардың дайындығының жай-күйін тыңдап, жедел әрекет ету жасағының дайындық деңгейін бақылады. Сонымен қатар, көктемгі төтенше жағдайдың барлық ықтимал жағдайлары, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу үшін бірінші кезектегі міндеттер айқындалды.

А.ЕЛЕМЕСҰЛЫ.