Әлеуметтік блок – ауылда

Сәу 24, 2025

Железин ауданының шенеуніктері әлеуметтік сала тек кабинет пен құжаттар емес екенін жақсы біледі. Сондықтан, ауылдарды аралап, адамдардың мұң-мұқтажын сұрап, әлеуметтік көмек түрлері турасында ақпарат беруде.

Аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Райхан Усина бастаған әлеуметтік блок мамандары кезекті кездесуін Ақкөл ауылдық округінде өткізді. Мұнда сала мамандары халықтың осал топтарына қолдау көрсетіп, тұрғындар мен әлеуметтік сала мекемелері арасында байланыс нығайтуға басымдық береді. Сонымен қатар, ауылдағы әлеуметтік қызметкерлерге әдістемелік тұрғыдан көмек көрсетілді. Елімізде бар әлеуметтік көмек түрлері түсіндіріліп, мемлекеттік қызмет алу тәртібі таныстырылған. Ауылдықтардың мәселелерін шешуге жәрдемдесті. Осылайша, олар әлеуметтік блоктың басты мақсаты жанашырлық, қамқорлық танытып, дер кезінде нақты көмек көрсету екенін айғақтап келді.

Г.МАҒЖАН.