Әлеуметтік нысандар жаңармақ

Шіл 24, 2025

Ақтоғай ауданының Мүткенов ауылында мәдениет үйі күрделі жөндеуден өтуде. Жөндеу жұмыстары осы жылдың тамыз айында аяқталады деп жоспарланып отыр.

Жуырда аудан әкімі Қаршыға Арынов жұмыс сапарымен Мүткенов ауылына барды. Сапар барысында елді мекенде атқарылып жатқан игі істердің барысымен танысты.

Сондай-ақ, Естай ауылына кіреберіс жолының орташа жөндеу жұмыстары тексерілді. Жөнделіп жатқан жол учаскесінің ұзындығы – 1,1 шақырым. Мердігер – «B&S 2017» ЖШС. Аталмыш ұйым өкілдері   жұмыстар осы айдың соңына дейін  аяқталады деп уәде беріп отыр. Ал Қ.Ыдырысов атындағы орта мектептің шатыры толықтай ауыстырылып, кабинеттер мен фойеде кафель төселді. Қазіргі таңда ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде. Мердігер ұйым білім ордасында күрделі жөндеуді 15 тамызға дейін толық аяқтайтынын мәлімдеді.

А.БОРАНБАЕВА.