Өнім жинау жалғасуда

Қаз 2, 2025

Екібастұз қаласының ауылдық аймағында ауыл шаруашылығы да дамуда. Мәселен, Теміржол ауылдық округі аумағында «КорнАгро» шаруашылығы картоп пен сәбіз өсіруді өрістетіп келеді.

Шаруашылықтағы күзгі жиын-терім науқаны барысымен Екібастұз қаласының әкімі Аян Бейсекин танысты. Шаһар басшысының әлеуметтік желідегі берген мәліметіне сүйенсек, шаруашылық кәсібін кеңейтуге үш жылда 12 млрд теңгеден астам инвестиция құйған. Оның бір бөлігі мемлекеттік қолдау шараларымен қамтылған. Бүгінде бір мың гектардан астам алқапта картоп пен сәбіз егіледі. Суармалы алқапқа арналған тамшылата суару жүйелерінен бөлек, диқан өнімін сақтайтын жалпы сыйымдылығы 22 мың тонна болатын екі көкөніс қоймасын салған. Бүгінде шаруашылықта жүздеген жұмыс нәпақасын тауып отыр. Көбі іргелес ауылдардан келіп жұмыс істейтін көрінеді. Қала әкімі шаруамен оның өнімдерін өңіріміздің сауда нысандарына өткен жылдардың тәжірибесі негізінде жеткізу мәселесін талқылады.

Г.ТҮГЕЛБАЙ.