Өрттен сақтануды үйретті

Жел 11, 2025

Ауданда төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары үй-үйді аралап, тұрғындарға өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіруде. Құтқарушылармен бірге жергілікті әкімдік өкілдері және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері барды.

Профилактикалық акция аясында мамандар қатты отын пайдаланатын үйлерді тексеріп, от жағу ережесімен таныстырды. Пештер мен түтін мұржаларын тазалау, электр сымдарының жай-күйін тексеру, көміртегі тотығымен уланудың алдын алу шаралары түсіндірілді. Сонымен қатар, ауылдық округ әкімдігінің мамандары әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған адамдарға түтін иісі шыққанда дереу дыбыс шығаратын арнайы датчиктерді орнатты. Мұндай іс-шара қауіп-қатердің алдын алуға көмектеседі.

А.АСҚАРҚЫЗЫ.

Аққулы ауданы.