Өтініштерін білдірді

Ақп 5, 2026

Аққулы ауданының әкімі Руслан Мұқанов аппараттық мәжіліс өткізді. Жиында 2026 жылы атқарылатын жұмыстармен қатар, 2027 жылы жасалуы керек жобалар талқыланды. Сонымен қатар, аудандағы мал шаруашылығы жануарларын қыстату жөнінде де сөз қозғалды.

Бұдан бөлек, ауданда тұрғындардың жеке мәсе-лелері бойынша қабылдау өткізіліп, 7 тұрғын қабылдауға жазылып, өз өтініш-ұсыныстарын білдірді. Қабылдау барысында тұрғын үймен қамтамасыз ету, жекеше-лендіру, тұрғын үйлерді жөндеу және спорт саласын дамытуға қатысты бірқатар мәселе көтерілді. Көте-рілген мәселелер бойынша жауапты бөлім басшыларына тапсырмалар берілді.

Н.ҚАЛЫБЕК.

Аққулы ауданы.