Ауданда шыбын-шіркейге қарсы дезинсекциялық жұмыстар басталды. Ғылыми топтың ұсынысы бойынша аудан орталығындағы жайылма шекаралары, саябақ, скверлерде қансорғыштарға қарсы өңдеу жұмыстары жүргізілуде.
Ауданның ресми парақшасында атқарылған жұмыстар жайлы ақпарат жүктеліп, тұрғындарға күн сайын есеп беріледі. Барлық жұмыс ғылыми топтың, тарсырыс берушілердің, мердігерлер мен экономиканың нақты сектор бөлімі қызметкерлерінің бақылауымен жүргізілуде. Қансорғыштарға қарсы күресте химиялық, биологиялық препараттар қолданылуда. Елді мекендерде шыбын-шіркейге қарсы «дымқыл тұманмен» тосқауылды өңдеу жүргізілетін болады.
А.АСҚАРҚЫЗЫ.