Аудан оқушылары әр жыл сайын Павлодар қаласына саяхаттап, қаланың тарихи, мәдени және демалыс орындарын аралайды. Бұл игі дәстүр осы жылы да өз жалғасын тауып, аудан мектептерінен 260 оқушы туған өлкеміздің көрікті жерлерін тамашалап, уақытты тиімді өткізді.

Әр мектеп оқушылары өздерінің жеке бағдарламалары бойынша облыс орталығындағы мұражайларға, демалыс орындарына, шағын хайуанаттар бағына, саябақтарға барып, ерке Ертістің жағасында да серуен құрды. Мәдени орындардың қатарында Павлодар тарихынан сыр шертетін Г.Потанин атындағы облыстық тарихи-өлкетану музейі, павлодарлық жауынгерлер ерлігінің жарқын көрінісі болған «Даңқ» музейі, Кереку өңірінің палеозой заманынан бастап казіргі кезеңге дейінгі тарихын бейнелейтін «Ertis» мультимедиялық мұражайы бар.

Сапар соңында оқушылар алған әсерлерімен бөлісіп, естелік суретке түсті.

 

А.ЖЕҢІСҚЫЗЫ.