20 тонна картоп жөнелтілді

Ақп 6, 2025

Тереңкөлдік шаруалар облыс орталығын арзан бағалы картоппен қамтуға атсалысуда. Қазіргі таңда картоп бағасын тұрақтандыру, өнім тапшылығын болдырмау мәселесі өзекті екені белгілі.

Жыл сайын аймағымызда ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерімен облыс әкімдігі арасында меморандум жасалады. Бұл құжат аясында шаруалар облыстың әлеуметтік сауда нүктелерін арзан бағалы өніммен қамтуға әлеуметтік жауапкершілік алады. Міне, осындай меморандумға отырған Тереңкөл ауданының Жаңабет ауылдық округіне қарасты «Құндыз» шаруа қожалығы да шет қалмады. Аталмыш шаруашылық облыс орталығындағы әлеуметтік дүкендерге және «Рахмет» базарына 120 тонна картоп жөнелтті.

Г.МАҒЖАН.