Бүгінде өңірдегі кейбір арнайы мектеп-интернаттарындағы спорттық жабдықтардың бір бөлігі ескірді. Сондықтан ерекше қажеттілігі бар балалардың барлығының бірдей дене шынық-тырумен айналысуға мүмкіндігі жоқ. Осыны ескерген ірі компания білім беру мекемелеріне спорттық құрал-жабдықтар табыстады.

«Самұрық-Қазына» қоры Павлодар облысындағы мамандандырылған жеті мектеп-интернаттың құралдарын жаңартпақ. Алғашқы легі №1, №3 және №4 мектептерге берілді. Қалған төрт оқу орнына осы айдың ортасына дейін жеткізі-летін болады. Спорттық құрал-жабдықтардың қатарында футбол, волейбол, баскетбол доптары, үстел теннисі, «швед қабырғасы» және тағы да басқа жабдықтар бар.

— Жаңа спорттық қажеттіліктерді алғанымызға қуаныштымыз. Олар ерекше балалардың денелерін шынықтырып, денсаулықтарын нығайтуға көп септігін тигізеді, — деді облыстық №1 арнайы мектеп-интернатының директоры Нұрсәуле Төлемісова. Бұл — «Самұрық-Қазына» қоры тобы атынан бірыңғай қайырымдылық операторы болып саналатын «Samruk-Kazyna
Trust» қорының бастама-шылық жобасы аясында ұйымдастырылған игі шара. Дәл осындай спорттық жабдықтар Астана қаласы мен Атырау, Ақтөбе, Ақмола облыстарындағы маман-дандырылған 15 мектеп-интернатқа берілді. Жалпы, бұл қайырым-дылық шарасы аясында ерекше білім беру қажеттіліктері бар 2 мыңнан астам оқушыны жаңа спорттық құрал-жабдықтармен қамту көзделген.

Өз тілшіміз.