Елімізде мектеп медицинасын жаңғыртуға баса мән берілуде. Себебі, мамандар қазіргі оқушы-лардың денсаулық жағдайы алаңдатып отырғанын алға тартуда.
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі балалардың көбі ас қорыту, көру, тыныс алу ағзаларының аурулары мен стоматологиялық мәселелерден жапа шегуде. Осыған орай алдағы уақытта бала саны бір мыңнан асатын білім беру мекемелерінде стоматологиялық аурулардың алдын алу кабинеттері ашылмақ. Сонымен қатар, мектеп жанынан медициналық-санитар-
лық алғашқы көмек көрсететін бөлім-шелер ұйымдастырылып, 500 балаға бір медбике қызмет көрсететін болады. Бұдан бөлек, ведомствоаралық өзара іс-қимыл шеңберінде «Денсаулық сабақ-
тары» ұйымдастырылып, жарақат-тардың алдын алу жөніндегі жол карталары, «Денсаулыққа ықпал ететін мектептер» жобасы және 2030 жылға дейін мектеп медицинасын ғылыми зерттеуге бағытталған бағдарламалар іске асырылады деп жоспарлануда.
Нұржайна ШОДЫР.