Жаңа платформа қосылды

Мау 12, 2025

Елімізде «Келешек мектептеріне» атты жас педагогтерді іріктеуге арналған цифрлық платформа іске қосылды.

Бұл жаңашылдық ҚР Оқу-ағарту министрлігінің «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының ұлттық жобасы аясында жүзеге асуда. Жаңа платформа арқылы мектептерге жас мамандарды жылдам әрі тиімді іріктеуге мол мүмкіндік тумақ.

— Платформада «Өрлеу» орталығының тестілеуінен сәтті өткен педагогикалық ЖОО түлектерінің
электрондық портфолиолары қамтылған. 600-ге жуық жас педагог іріктеуден өтті. Сервисте жас педагогтердің білімі, мамандығы мен тәжірибесіне қатысты мәліметтер жинақталып, электронды портфолио қалыптастырылады, — делінген министрлік ұсынған ақпаратта.

Қазіргі таңда платформа тек «Келешек мектептері» директорлары үшін ғана қолжетімді. Олар кандидаттарды өңірі, пәні, біліктілігі бойынша тиімді таңдай алады. Ең бастысы, жаңа жүйе мемлекеттік дерекқорлармен кіріктірілген, дейді мамандар.

Нұржайна ШОДЫР.