Көңілге шуақ сыйлады

Мау 5, 2025

С.Баязитов атындағы балалар оқу орта-лығында балаларға арналған түрлі әдеби, мәдени және көңілді шаралар көптеп ұйымдастырылуда. Жақында өткен Халы-
қаралық балалардың құқығын қорғау күніне орай «Мейірім FEST!» балалар фестивалі өтті. Оған ерекше қарауды талап ететін инклюзивті балалар шақырылды.

Балалардың көңілін сергітуге бағытталған салтанатты шараға №1 арнайы кешен балабақша-мектеп — интернатының, №7 арнайы мектеп — интернатының, №15 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары қатысты. Ашылу салтанатына С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана басшысы Шолпан Шахметова қатысып, бүлдіршіндерді төл мерекелерімен құттықтады. Сонымен қатар, мерекелік шараға белсенді қатысқан барша жас өнерпаздарды марапаттап, шығармашылық табыс тіледі.

Балаларға арналған көңілді шара мерекелік концертпен басталды. Салтанатты шараның шымылдығы №12 орта мектебінің оқушысы Жәкіш Айлиннің «Анашым» әнімен ашылса, «ALTYNkids» шығармашылық ұжымы «Everybody»  биін ұсынды.
Сонымен қатар, Алина Оразгелдиеваның орындау-ындағы «Королева страшной красоты», Алуа Бекшенованың орындауында «Dilemma» әндері  кішкентай бүлдіршіндердің көңіліне ерекше қуаныш сыйлады.

«Балауса» қуыршақ театрының жас артистері балалар жазушысы Е.Ербо-тиннің ертегілерінен әдемі көрініс қойды. Одан кейін «Жеті лақ» ертегісінен қойылым ұсынып, кішкентай көрермендерінің көңіліне шауақ сыйлады. Осы шара барысында кішкентай қонақтар балалар жазушысы Людмила Бевзпен кездесіп, «Қазына аралы» квест ойынына, «Акварель алаңы» шеберлік сағатына, «Бұрымды қыз» шаш өру шеберлік сағатына, «Гипстен жасалған қобдиша» қолөнер шеберлік сағатына белсенді қатысты. Соңында «Холодное торжество» мультфильмін тамашалады.

Тілеуберді САХАБА.