Көңілді демалыс

Мам 29, 2025

Облыс орталығындағы мектеп оқушыларының жазғы демалысын көңілді өткізуге бағытталған дайындық жұмыстары қызу жүруде. Қалалық білім беру бөлімінің ақпараты бойынша 49 мың шәкірт жазғы лагерьмен және еңбекпен қамтылмақ.

«Балаларға жарқын жаз — 2025» науқаны аясында шаһардағы 33 мектепте лагерь ашылады деп жоспарлануда. Ал күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан білім беру мекемелерінің 5 мыңнан астам оқушысы мектептен тыс, яғни сыртқы мекемелерде демалыспен қамтылмақ. Сондай-ақ, әлеуметтік қолдауды қажет ететін балаларға ерекше назар аударылады. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар 100% және әлеуметтік қорғалмаған отбасылардан шыққан оқушы-ларға 50% жеңілдікпен жолдамалар беріледі. Қала бойынша осындай 2 992 бала бар.

Айта кетерлігі, жазғы сауықтыру науқаны аясында шаһар мектептеріндегі 14-16 аралығындағы жасөспірімдерді уақытша еңбекпен қамту мәселесі де оң шешімін таппақ. Жалпы, биыл 4 575 адам, оның ішінде 582 оқушы жергілікті бюджет қаражаты есебінен еңбекпен қамтылады деп күтілуде.

Нұржайна ШОДЫР.