Алдағы жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектеп асханаларындағы тамақтану нормалары өзгертілмек. Жаңа талап бойынша оқушыларға ұсынылатын өнімдерге бірқатар шектеулер енгізіледі деп жоспарлануда.
Мектеп оқушыларын тамақ-тандыруға қатысты жаңа бұйрыққа ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова қол қойды. Сол бойынша бутербродтар, нан және нан өнімдері келесі талаптарға сай болуы керек:
Қара бидай, тұтас дәнді немесе глютенсіз ұннан жасалған нан негізінде дайындалуы тиіс;
Қатты ірімшік, сары май, шөптер, жаңа піскен немесе кептірілген табиғи дәмдеуіштер, жаңғақтар мен тұқымдар қосылуы мүмкін;
Ас мәзірі көкөністер немесе жемістермен толықтырылуы тиіс;
Тұз, майонез, кетчуп және басқа да соустар қосуға болмайды;
Қант мөлшері дайын өнім салмағының 5 пайызынан аспауы қажет.
Сондай-ақ, мектеп асханаларында бірқатар өнімдерді сатуға тыйым салынады. Олар мыналар:
Қышқыл сүт өнімдері (айран, сүзбе және қышқыл сүттің басқа түрлері);
Кілегей қосылған кондитерлік өнімдер;
Фастфуд (гамбургер, хот-дог, пицца, наггетс, чипс, дәмдеуіш қосылған крутондар). Кофе және кофе негізіндегі сусындар;
Қантты газдалған сусындар, энергетикалық сусындар, концентрат-талған шырындар, пастерленген жеміс-көкөніс шырындары, хош иісті қоспалары бар су. Сонымен қатар, бұдан былай оқушыларға шошқа, қой және бұқа еті берілмейді. Барлық ет өнімдері тек сиыр және жылқы етінен дайындалады.
Нұржайна ШОДЫР.