Бүгінгі таңда елдегі орта білім беру ұйымдарында 412 мыңнан астам педагог, оның ішінде облысымызда 13 647 мұғалім еңбек етуде. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 14 мыңға көп. Болашақта ұстаздар саны бұдан да арта түспек.
ҚР Оқу-ағарту министрлігінің ресми өкілі Мереке Нұрмұханова педагогтер санының жыл сайын артуы – қазақстандық орта білім беру жүйесінде кадр тапшылығын толығымен жоюға ықпал ететінін атап өтті.
Қуантарлығы, кейінгі кезде педагогикалық мамандықтарға бөлінетін білім грантының саны ұлғайып, жылдан-жылға ұстаздар қатары да көбеюде. Демек, алдағы уақытта маман тапшылығы мәселесі оң шешімін табады деген үміт бар.
Атап өтерлігі, бүгінде қазақстандық мұғалімдердің 73 пайызға жуығының жоғары біліктілік санаты бар екені белгілі болды. Мұндай білімді ұстаз-дардың қоғамдағы мәртебесін көтеруге Мемлекет басшысы да ерекше көңіл бөлуде.
— Бұған айқын дәлел — Қазақстан тарихында алғаш рет биылғы оқу жылында ел Президенті екі педагогке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын тапсырды. Сондай-ақ, 36 ұстаз мемлекеттік наградалармен марапатталды, 64 мұғалім «Үздік педагог» атағын иеленді және оларға мемлекет тарапынан 1 000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде сыйақы тағайындалды, — деді Мереке Нұрмұханова.
Нұржайна ШОДЫР.