«Балаларға жарқын жаз — 2025» қалалық бағдарламасы аясында Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты қамту және балалардың дарындылығын дамыту орталығының ұйытқы болуымен түрлі ойын-сауық іс-шаралары өткізілуде.
Соның бірі — «Әр қадаммен: өзіңе апарар жол» атты мини-футбол турнирі жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Оған шаһар мектептерінен 300-ге жуық оқушы қатысып, тартысты ойын көрсетті.
Финалдық ойындар қорытындысы бойынша
І орынды №11, 14, 25 мектептер мен Ә.Бөкейхан атындағы мектеп-лицейдің командалары иеленді. Жүлделі ІІ орынды №5, 35, Кенжекөл және М.Жүсіп атындағы мектептер жеңіп алды. Ал ІІІ орын №18, 24, 39 және А.Байтұрсынұлы атындағы мектептердің командаларына бұйырды. Сондай-ақ, бірқатар шебер ойыншы «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» аталымдарын иеленіп, арнайы сыйлықтарға ие болды. Ал жеңімпаздар кубоктармен, жүлдегерлер мен номинанттар «Павлодар дарыны» орталығының дипломдарымен және медальдарымен
марапатталды.
Нұржайна ШОДЫР.