«Жазғы POV – 2024» бағдарламасы аясында Павлодар қалалық білім беру бөлімінің «Павлодар дарыны» бос уақытты  қамту және балалардың  дарындылығын дамыту орталығы викториналық ойын өткізді. Оқушылар арасында «Менің Отаным және менің құқықтарым» деген тақырыппен ұйымдастырылған шараға шаһар балалары белсенді қатысты.

Шараның мақсаты – жас буынға патриоттық тәрбие беріп, адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру, өз құқықтары мен міндеттерін ұғындыру, — дейді орталық өкілдері.

Викториналық ойын шарттары бойынша қатысушылар түрлі сұрақтарға жылдам жауап беріп, «ҚР Мемлекеттік рәміздері», «ҚР тарихи күнтізбесі», «Менің құқықтарым мен міндеттерім» тақырыптарында білімдерін тексерді. Байқау қорытындысы бойынша І орынды №14 мектептің 5-сынып оқушылары Айлана Қадырманова мен Аиша Адабиятова, Ә.Бөкейхан атындағы мектептің 1-сынып оқушысы Айсана Қайыргелдинова иеленді. Жүлделі ІІ орынды №39  мектептің 3-сынып оқушысы Виктория Жукова және 4-сынып оқушысы Томирис Мұстафина алды. Ал ІІІ орын №39 мектептің 4-сынып оқушысы Катя Окатенко мен №14 мектептің 5-сынып оқушысы Лена Галанцеваға бұйырды.

Жүлдегерлер арнайы дипломдармен марапатталды. Өзге де қатысушыларға «Павлодар дарыны» орталығының атынан сыйлықтар берілді.

 

Нұржайна ШОДЫР.