Шеберлік кез келген істе жоғары бағаланады. Павлодар облысының М.Катаев атындағы Оқушылар сарайы ұстаздарының басты қағидасы — өз ісінде жоғары нәтижелерге жетіп, озық болу.
Бұл жолдан айнымай келе жатқан Оқушылар сарайы ұстаздарының бірі — Дәуірбек Жақсылыққызы. Ұстаз — ұлттық бағыттағы қолөнер туындыларын жасайтын «Сырмақ» студиясының жетекшісі. Әріптестерімен шәкірттері арасында сыйлы Дәуірбек Жақсылыққызы Оқушылар сарайында 2006 жылдан бері қызмет етеді. Бұған дейін Баянауыл ауданы Жаяу Мұса ауылындағы Бақыт Хайдаров атындағы орта мектепте технология пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарады. Қазіргі уақытта балаларға сабақ берумен қатар, қосымша білім беру педагогтері мен технология пәні мұғалімдері үшін өткізілетін семинарларда шеберлік сағатын беріп, тәжірибе бөліседі. Негізгі мамандығы бастауыш сынып мұғалімі болса да, өмір тудырған қажеттіліктен жасалған таңдау — Дәуірбек Жақсылыққызының 50 жылдық ғұмырының негізгі ісіне айналды. Бұл кісі құрған студия болашағы зор үміт пен үлкен жоспарларға толы. Ол еңбек жолында талай жетістіктерге жетіп, қалалық, р\еспубликалық сайыстарға қатысып білім мекемесінің абыройын көтеріп жүрген ізденімпаз ұстаз. Мұғалімнің негізгі мақсаты — оқушылардың шығармашылық қабілетін, өзіндік танымдық біліктілігін дамыта отырып, ұмытылып бара жатқан ұлттық қолданбалы сән өнерін қайта жаңғырту, білім сапасын арттыруды ұйымдастыру. Қолөнер бұйымдары — біздің тұрмысымыздағы дәстүрлі мәде-ниеттің бір мұрасы. Дәуірбек Жақсылыққызы қол өнерді өске-
лең ұрпаққа үйретіп, педагогикаға пайдалана білу үшін терең оқытып үйретеді. Өз тәрбиеленушілерін қасиетті халық тәрбиесінің үлкен ықпалы мен пайдасын ұқтырып, ұлттық
сыры мен ерекшелігін осы қолданбалы қолөнерді үйрету арқылы аңғартуға, ұлттық қолданбалы өнерді меңгертуге, эстетикалық талғамының өсуіне, өз қолымен әсем бұйым жасауына, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке, іскерлікке, шыдамдылыққа тәрбиелейді.
Әсем АИПОВА, М.Катаев атындағы облыстық Оқушылар сарайының әдіскері.