2003 жылы Тұңғыш Президенттің тапсырмасымен әскери қызметкерлерге әскери-патриоттық тәрбие беруді жетілдіру мақсатында ҚР Қорғаныс Министрлігінің басқа да мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, сондай-ақ, өңірлік филиалдардың қатысуымен балалар мен жасөспірімдерге арналған әскери «Жас бүркіт» клубы құрылды. Биыл аталмыш клубқа 20 жыл толуда.

«Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубы облыс орталығында орналасқан №6679 әскери бөлімінде алғашқы рет 2022 жылы наурыз айында құрылды. Құрыла сала клуб мектеп оқушыларымен байланыс орнатып, өзінің жанкүйерлерін тапты. Атап айтқанда, Павлодар қаласындағы №36 экологиялық бағыттағы жалпы орта білім беру мектебімен Меморандум жасасып, бүгінге дейін бірлесе жұмыс істеп келеді. «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының қалыптасуы мен қызметіне, сондай-ақ, әскерге дейінгі жастарды патриоттық рухта тәр- биелеу ісіне аталған білім ордасының және Ұлттық ұланның №6679 әскери бөлімінің басшылығы елеулі үлес қосып келеді. Әрбір бастаманың нәтижелі болуы төгілген тер мен атқарылған еңбекке байланысты. Бұл – үлкен істің басы ғана. Тәрбие басы —  отбасынан басталатыны және оның маңыздылығы баршамызға белгілі болса, клубтың басты мақсаты — өскелең ұрпақты жастайынан әскери-патриоттық тәрбиеге баулу. Осындай айқын бағытымыздың арқа-сында бүгінгі күні клуб жұмысы басып келеді. Қазіргі таңда «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубында 11 тәрбиеленуші бар. Олар — мектеп оқушылары мен колледж студенттері. Клубтың жұмысын бекіту, жоспарлау толықтай клуб жетекшісінің міндетіне кіреді. Клуб құрамы балалардың жас шамасына байланысты бірнеше топқа бөлінеді. Бүгінгі таңда №6679 әскери бөлімінде «Жас бүркіт» клубының қозғалысы шеңберінде әс-
керге дейінгі жастармен кездесу, ашық есік күндері, аймақтық билік өкілдерінің, ардагерлердің, белгілі тұлғалардың қатысуымен тәрбие сағаттары ұйымдастырылып келеді. Жақында аталған әскери бөлімде «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының 20 жылдығы аясында облыстық қорғаныс істері департаментінің өкілдері, бөлім офицерлері мен сардар сарбаздардың қатысуымен салтанатты жиын өтті. Шара барысында «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбие-ленушілеріне әскери бөлім саптық алаңында әскери техникалар, қару-жарақ түрлерінің көрмесі және кинология иттерінің демонстрациялық қойылымы ұйымдастырылды. Жас ұрпақтың бойына рух ұялататын бұл игі шара мерекелік концертке ұласып, болашақ Отан қорғаушылардың құрметіне облыстық «Шаңырақ» шығармашылық орталығының әншілері мен әскери бөлімнің сарбаздары өнер көрсетті. Сонымен қатар, Павлодар қаласының Ақпараттық технологиялық колледжінің педагогі, запастағы подполковник Нұрлан Нұрпейіс, №36 эколо-гиялық бағыттағы жалпы орта білім беру мектебінің әскери дайындық оқытушысы Ермек Қабдығалиев және бірқатар белсенді оқушылар мен студенттер әскери бөлім командирінің Алғыс хатымен марапатталды. Бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары майор Мұса Сәдуақасов «Жас бүркіт» әскери-патриоттық клубының тәрбиеленушілерін атаулы мерекемен шың жүректен құттықтап, алдағы уақытта бұл бағытта жемісті жұмыс атқаруға бел буып отырғанын жеткізді. Осылайша, 20 жылдан астам «Жас бүркіт» клубы болашақ Отан қорғаушыларды мектеп табалдырығынан тәрбиелеп, олардың бойына отансүйгіштік, патриоттық сезімді ұялатып келеді.

 

Айжан ЖАҚЫПОВА

№6679 әскери бөлімінің кітапхана басшысы,

Павлодар қаласы.