ҰБТ: талапкерлер нені білуі тиіс?

Мау 12, 2025

Қазіргі уақытта елімізде ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны жалғасуда. Айтулы сынаққа 183 мың қазақстандық талапкер қатысып, бақ сынауда. Олардың қатарында облысымыздан 4 мыңнан астам түлек бар. Бұл талапкерлер тест тапсырып біткен соң не істеуі қажет? Жоғары оқу орындары қашан құжат қабылдайды? Педагог және медицина мамандықтары бойынша қосымша емтихандар қай кезде ұйымдастырылады?

Бұған дейін хабарлағанымыздай, бүгінгі таңда елдегі 46 өңірлік орта-лықта жоғары оқу орындарына үміткер талапкерлер үшін ұлттық бірыңғай тестілеу науқаны өткізілуде. Білім сынағы басталғаннан бері түлектердің 74%-ы қазақ тілінде, 26%-ға жуығы орыс тілінде және 136 мектеп бітіруші ағылшын тілінде тест тапсырған. Сонымен қатар, үшінші аптаның қорытындысы бойынша талапкерлердің 69%-ы шекті балл жинаған.

— Қазіргі таңда тестке қатысушылардың басым бөлігі, атап айтқанда, 18%-ы «Математика-Физика», 15%-ы «Биоло-гия-Химия» пәндер комбинациясын тапсырды. 14%-ы «Шығармашылық емтихан» комбинациясын таңдаған. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар оқуға түсушілер үшін қолайлы жағдай жасаудың арқасында ҰБТ-ға 477 талапкер қатысқан, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Сонымен, түлектердің он бір жыл бойы орта мектепте алған білімін таразылайтын тестілеу сынағы 7 шілде күні аяқталатын болады. Әрі қарай шығармашылық емтихандар, конкурсқа қатысу, құжат тапсыру жұмыстары жалғасын таппақ.

Осылайша, конкурс нәтижесі шыға салысымен грант ұтып алған жастар құжаттарын толықтырып,
25 тамызға дейін өзі түскен жоғары оқу орнына тапсы-
рып, студент атанатын болады.

Ерекше ескерте кететін жайт, Ұлттық бірыңғай тестілеу орталығының өкіл-дері талапкерлерді білім сынағын адал тапсыруға шақыруда. Себебі, ҰБТ аяқталғаннан кейін күнтізбелік жылдың 31 қазанына дейін барлық бейнежазбаға талдау жүргізіледі. Егер тестілеу кезінде ереже бұзу немесе тыйым салынған заттарды пайдалану фактілері анықталса, талапкердің нәтижелері толығымен жойылып, грантынан айырылатын болады. Өкінішке қарай, бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған жұмыстар жүйелі жүргізілгеніне қарамастан, тестілеу сынағы басталғалы ел бойынша 200-ден астам ереже бұзу фактісі орын алған. Олардың ішінде тыйым салынған заттарды, яғни смартфондар мен шпаргалкаларды аудиторияға алып кіру, тестілеу барысында тәртіп бұзу сынды оқиғалар орын алып, бірден тиісті шара қолданылған.

Нұржайна ШОДЫР.