ҰБТ-ға өтініш қабылданады

Шіл 31, 2025

Елімізде  25 шілдеден бастап тамыз айындағы ҰБТ-ға қатысуға өтініштер  қабылдануда. Өтінімдерді қабылдау 5 тамызға дейін жалғасады.

ҰБТ-ға тіркелу Ұлттық тестілеу орталығының сайтында app.testcenter.kz жүргізіледі.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, тамыздағы ҰБТ шекті балл жинай алмаған талапкерлердің тестілеуден қайта өтіп, жоғары оқу орнына ақылы негізде түсуге мүмкіндік беру үшін  өткізіледі. Өтініш беру кезінде тест тапсырушылар ҰБТ өткізілетін орынды, күнді және уақытты өздері таңдайды.

Тамыз айындағы ҰБТ-ға ағымдағы және өткен жылғы мектеп және колледж түлектері, қандастар (ҚР азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ азаматтар), шетелде білім алған орта білім беру ұйымдарының бітірушілері, шығармашылық маман-дықтардан басқа мамандықтарға, басқа маман-дықтардан педагогикалық бағыттарға ауысқысы
келетін студенттер және жоғары оқу орындарына
шартты түрде қабылданған студенттер қатыса алады.

Атап өтсек, жоғары оқу орнына ақылы негізде өз мамандығы бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырған колледж түлектері оқуға әңгімелесу қорытындысы бойынша қабылданады. Бұл ретте оқуға қабылдауды ЖОО-лардың қабылдау комиссиялары жүзеге асырады. Тестілеуге қатысу құны – 4 230 теңге.  Негізгі ҰБТ-ға қатысқан тест тапсырушылар тамыз айындағы ҰБТ-да басқа бейіндік пәндер комбинациясын таңдай алады.

Еске сала кетейік, 22 шілде күні магистратураға түсуге арналған кешенді тестілеу басталды, ол 10 тамызға дейін жалғасады.

Өз тілшіміз.